« Әліппемен қоштасу »
Ақпанның 15-і күні Коммунар жалпы орта білім беру мектебінде 1-ші сынып оқушыларында « Әліппемен қоштасу » кеші өтті. Мерекеге мектеп ұжымы мен ата – аналар шақырылды. Мерекелік шара құттықтау сөздерден, шашу шашудан басталды. 1-ші сынып бүлдіршіндері әліппеге байланысты өлеңдер оқып, би билеп, көрініс қойды. 2-4 –ші сынып оқушылары 1-ші сынып оқушыларын құттықтады. Сонымен қатар 1-ші сынып оқушыларына өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар орындатылды. Ата-аналармен ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылды. Тәрбие ісінің меңгерушісі құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға алғыс хат табыс етті. Сонан соң ата-аналар құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.
«Жас математиктер»
18 қаңтар математика апталығына орай «Жас математиктер» атта 1 – 4 сыныптар аралығында сынып сағатын өткіздім.
Мақсаты: Оқушылардың өтілген материалдарды игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру. Танымдық қабілеттерін арттыру, логикалық ойлауын, есін, зейінін, өзіндік шығармашылық белсенділігін дамыту. Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа үйрету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
«Жас математиктер» атты сынып сағаты 7 кезеңнен тұрады. Ең алдымен оқушыларды екі топқа бөліп, әділқазылар алқасымен таныстырдым. І топ: «Төртбұрыш», ІІ топ: «Шаршы».
І кезең: «Таныстыру». (Оқушылар өлең арқылы өз топтарының аттарын таныстырады).
ІІ кезең: «Үй тапсырмасы». (Үй тапсырмасына бір көрініс дайындап, көрсету).
ІІІ кезең: «Ұшқыр ой». (Екі топқа он екі сұрақ қойылды, сұрақтарға тез әрі, жылдам жауап беру).
ІҮ кезең: «Ойнайық та, ойлайық». (Екі топқа берілген алты логикалық есепті шығару).
Ү кезең: «Бәйге». (Берілген алты ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру).
ҮІ кезең: «Кім жылдам?». (Екі карточкадағы теңдеуді шешу есебін шығару).
ҮІІ кезең: «Мені түсің!». (Топ басшыларын тақтаға шығарып, қапшықтағы сөздерді көрсету).
Барлық кезеңнен өткен соң әділқазылар жеңіске жеткен «Төртбұрыш» тобын мақтау қағазымен марапаттады.
« Математика керемет әлем »
17 қаңтар күні математика апталығына арналған « Математика керемет әлем » атты 1-4 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағатын өткіздім.
Мақсаты: Математикалық заңдылықтарын логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу.
« Математика керемет әлем » тәрбие сағаты топтық сайыс түрінде өтті. Оқушылар екі топқа бөлінеді ( фигуралар арқылы). Әділқазылар алқасы сайланды ( Бекжанова С.К., Сатимова А.К.) 1 –топ: Үшбұрыш, 2 –топ: Төртбұрыш. Сайыс 5 тапсырмадан тұрады.
1-тапсырма: « Амандасу рәсімі». ( Оқушылар топтпрын өлең түрінде таныстырады).
2 –тапсырма: « Тапқырлық сайысы ». ( әр топқа логикалық есептер беріледі).
3-тапсырма: « Біліктілік сайысы ». ( тапсырма карточка бойынша берілді, есептер шығару).
4-тапсырма: « Математикалық теңдеу ». ( екі топқа карточка беріледі).
5-тапсырма: « Ойымды жалғастыр ». ( математикалық мақалдар).
Барлық тапсырмаларды орындап болған соң, әділқазылар алқасы екі топтың ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты мақтау қағазбен марапаттады. Бұл сайыста жеңіске жеткен топ « Үшбұрыш».
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай 9-11 сынып оқушыларына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік шара өткізілді.
« Қазақ тілі - менің тілім »
Қыркүйектің 26-тамыздан 26 – қыркүйекке дейін қазақ тілі апталығы өтті. Осыған орай бастауыш сынып мұғалімдері, ашық тәрбие сағаттарын өткізді. « Қазақ тілі - менің тілім » атты тәрбие сағатын өткіздім.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Бұл тәрбие сағаты сайыс түрінде өтті.
1- сайыс: « Кім тапқыр »(викториналық сұрақтар)
2 – сайыс « Мақал – мәтелдер» сайысы
3 – сайыс: « Сөзжұмбақ » шешу
Оқушылар 2 топқа бөлініп жарысты. « Қыздар – ай » тобы жеңіске жетті. Сайыс соңында оқушылар қазақ халқының салт – дәстүрі – бата беру рәсімін сахналады. Марапаттау рәсімі жүргізіліп, жеңген топқа мақтау қағазы тапсырылды
.